Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық орындар мен көшелер, тұрғын үйлердің аулалары тұрақты түрде дезинфекциялануда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бүгін шаһарды залалсыздандыру жұмыстары Әл-Фараби ауданы аумағындағы Ахмет Байтұрсынов, К.Тоқаев, Ғани Иляев, Тәуке хан, Түркістан, Т.Әлімқұлов, Т.Орынбаев, Ілияс Есенберлин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жүргізілді. Айта кету қажет, аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасып жатыр. Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмыстары қаламыздың Абай, Қаратау, Еңбекші аудандарында да жүріп жатыр. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарына арнайы мекеме қызметкерлерімен қатар әскерилер де тартылған. Бүгінде олар жоғары да айтылған көшелерден өзге адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен саябақтар да, арнайы демалыс орындар да тазалық жұмыстыран жүргізуде.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберісіндегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жаңа ақпараттық ағында іске асыру халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін […]
Шымкент қаласында бүгін тағы 2 адамнан короновирус анықталды. 2 мамыр күнгі коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат (02.05.2020 жылғы сағат 14:00- дегі мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1971 және 1989 жылы туған екі әйел адам. […]
Пікір қалдыру