Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді — «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды.
Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді.
Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан берілетін түрлі төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлем және т.б.) алады. Аталған төлемдер түскенде қаладағы банкоматтар алдында үнемі ұзын-сонар кезек қалыптасады. Бұл жағдай індеттің таралуына өте ыңғайлы. Сондықтан қаладағы базарлар мен сауда орындары, дүкендер мен дәріханаларда посттерминал орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оның қауіпсіздік мақсатта қолға алынғанын ұғындыру, еріктілер көмегімен банкоматтар алдында кезекте тұрғандарға банктік картаға өту бойынша кеңестер беруді ұйымдастыру аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына тапсырылды.
Ең бастысы тұрғындар арасында қолма-қол ақшасыз карта көмегімен есеп айырысудың пайдалы әрі қауіпсіз екендігін түсіндіру жауаптыларға міндеттеліп, қала шетінде орналасқан тұрын алаптарға интернет желісін тарту немесе телефон арқылы төлем жасау тетігін қарастыру жайы жан-жақты сөз болды.
Жиынды қорытындылаған қала М.Әйтенов күн сайын таңғы 09.00-де басшылардың қатысуымен қашықтықтан өтетін жиында атқарылған жұмыстар талданып, кешкі 20.00-дегі қорытынды жиында ертең атқарылатын жұмыстар қаралатынын жеткізді.
Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Медицина […]
Ел аумағында төтенше жағдай енгізілгелі Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазіргі таңда, аудан аумағын залалсыздандыру жұмыстарына арнайы қызметтер мен әскери сарбаздар жұмылдырылып, 672 көпқабатты үй мен 404 көше дезинфекцияланып жатыр. Сонымен қатар, […]
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық Жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова және […]
Пікір қалдыру