Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.
Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ, олар:
1.Жұқпалы аурулар ауруханасы;
2.«Атамекен» медициналық орталығы;
3.«Мейірім» оңалту орталығы;
4.№2 қалалық ауруханасы (Медикус);
5.Психикалық сауықтыру орталығы;
6.«Жаңаталап» шағынауданы;
7.«Самал-1» шағынауданы, Тайманов көшесі 14 үй;
8.Мақталы 120 үй;
9.Желтоқсан 3а үй;
10.8 шағынаудан, 53 үй;
11.Төреқұлов көшесі 204 үй;
12.«Солтүстік-батыс» шағынауданы (Ұшқиян 644);
13.«Асар-2» шағынауданы Шаттық-74;
14.«Қайтпас-1» шағынауданы, Алтай көшесі 15 үй;
15.Сайрам ауылы Әл-Фараби көшесі 25 үй;
16. «Сәуле» шағынауданы, Жастар, Бәйдібек ата, Ғ. Мұратбаев, Баянауыл, Көктөбе көшелері.
Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Абай ауданындағы А-2 айналма жолының бесінші кезеңін және Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмысымен танысты. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысқан соң, жол көлік кептілісін оңтайлы реттеу мақсатында салалық басқарма […]
Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығы 2020 жылдың 26 наурызынан бастап қызметтерді онлайн көрсетіп келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 17 679 отбасыға, […]
Шымкентте медициналық ұйымдардың алдында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін дезинфекциялық өткелдер орнатылуда. Енді емханадағы, ауруханадағы, жедел жәрдем станциясындағы медициналық қызметкерлерден бастап, келушілердің барлығы арнайы дезинфекциялық өткелден өтіп, дене температурасы өлшенеді. Мұнан соң қолдарын арнайы […]
Пікір қалдыру