Түркістан облысында провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайған

Түркістан облысында провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайған. Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.
Өңір бойынша инфекциялық төсек орындар саны 440 болса, бүгінде оның саны 225-ке қысқарған. Сондай ақ  1941 провизорлық төсек орынның 931-і қысқарып, 1010 төсек қалып отыр. Бұл Түркістан облысында ауыр індеттен жазылып шыққан науқастардың азайғанын көрсетеді. Сонымен қатар облыс бойынша 2020 жылдың 30 наурызынан бастап 6 тамыз аралығында COVID-19 расталған науқастар саны 2902-ні құрайды. Өңір басшысының дер кездегі шешімі мен ақ халатты абзал жандардың ерен еңбектерінің арқасында науқастардың 81,2 пайызы жазылып шыққан. Яғни, бұл дегеніңіз 2355 науқас бүгінде дертінен толық айығып отыр. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, жаман індетті жеңіп шыққан науқастардың барлығы да қазіргі ахуалы жақсы.
Айта кетейік, ауруханадан ем алып, сауығып үйіне шығарылған науқастардың ішінде сиптомпсыз жағдайдағы 1563 адам толық сауыққан.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*