Бұл жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков өзінің әлжелідегі парақшасында жазды.
«Басрақмаға қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы бойынша елімізде үздік үштікке енді. Үздік атанған мекемені ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы марараттап,алғысын білдірді.
Сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкенттегі ЖИТС орталықтарының қызметін бағалаудың жоғары рейтингтік көрсеткіштері бойынша – Қазақстан Республикасындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 20 орталықтың арасында 3-орынды иемденді.
«,- дейді ол өз жазбасында.
Қазіргі уақытта АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды тегін антиретровирустық терапиямен (АРТ) қамтуды арттыру мүмкін болды, аталған орталықтың аккредиттелген зертханасында инфекциядан кейін АИТВ-инфекциясын диагностикалау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін 4-буынды жоғары сезімтал тест-жүйелерін пайдалана отырып, жалпы халықты және халықтың негізгі топтарын АИТВ-ға тестілеу, халық арасында мемлекеттік және халықаралық стандарттар ұсынымдарына сәйкес жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. ЖИТС орталығы жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсауды, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілікті азайту бойынша жұмысты жалғасып жатыр екен.
Шымкент қаласында «Шымкент жүрек орталығының» 25 жылдығына арналған «Инновациялар, технологиялар және әлемдік тәжірибе: кардиохирургияның болашағы біздің қолымызда» атты халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті. Ауқымды шараға Қазақстаннан бөлек, ТМД елдері мен алыс шетелден келген жетекші кардиохирургтар, ғалымдар, […]
Бүгінгі таңда интернет — біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Онлайн банкинг, әлеуметтік желілер, интернет-дүкендер және басқа да цифрлық қызметтер адамдардың күнделікті іс-әрекетін жеңілдетіп, уақыт үнемдеуге көмектесуде. Алайда бұл мүмкіндіктермен қатар қауіп-қатерлер де көбейіп келеді. […]
Абай ауданының инфрақұрылымындық жаңарту мен абаттандыру жұмыстары 2024 жылы өз жалғасын тауып, айтарлықтай ілгерілеу көрсетті. Ауданның әкімдігі және жергілікті билік тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында түрлі жобаларды жүзеге асырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға арналған ауқымды […]
Пікір қалдыру