Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15 сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек.
Айта кету керек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. Сондай-ақ, олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.
Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы тізімге алынған отбасылардың есепшотына тиісті қаражат толықтай аударылған.
Еске салсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты — СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру.
Шымкент қаласында полиция департаментінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізді. Осы шара аясында криминалдық полиция бөлімдерінің жедел уәкілдері қаладағы 100 жалпы білім беретін […]
Президент соңғы жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытудағы басты басымдылықтарды атады. Елдің экономикасындағы басымылық беретін бағыттың өң өзгрістарін де тілге тиек етті. «Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша […]
Шымкент қаласында короновирус инфекциясынан емделіп жатқан 11 науқас сырқатынан айығып шықты. Аты жаман дерттен құлан таза сауыққандардың 11- де бүгін Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. Адамзат баласына қауіп төндірген індеттің тырнағына ілігіп емдеу мекемесінде […]
Пікір қалдыру