ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жаңа ақпараттық ағында іске асыру халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін көрсетеді.
Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Antikor.Live» жобасын іске қосты.
Бұл жоба on-line режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үнемі жариялауға арналған алаң болып табылады.
Енді әр жұмыс күні сағат 11.00-ден бастап 12.00-ге дейінгі аралықта Департамент халықпен «тікелей эфирге» шығуда.
Тікелей байланыс Департаменттің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.
«Тікелей эфир» барысында азаматтардың назарына елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы беру шаралары, хабарлаушыларды қорғау және т.б. тың ақпараттар ұсынылатын болады.
Эфир барысында кез келген желі қолданушысы спикерге Департаменттің қызметіне қатысты сұрақ қойып, өз пікірі мен ұсынысын қалдыра алады.
Шымкент қаласында тұратын жастарды жұмыспен қамту мақсатында «екі қолға бір күрек» іздеген, қолында маман иесі атанғанын қуаттайтын дипломы бар оқу орындарының түлектерін «Жастар практикасы» шақырады. Сонымен, Шымкент қаласы тұрғындарының назарына! Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бұған дейін де көңіліміз толатын. Енді санаты мен олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалуы ҰОС қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға […]
Шымкент қаласында 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Айта кетцу қажет, науқастардың барлығы бұған дейін вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз […]
Пікір қалдыру