Шымкентте екі күнде инфекция жұқтырған 7 адам тіркелді

Шымкент қаласында 8 сәуірде – 3,  9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Айта кетцу қажет, науқастардың барлығы бұған дейін вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз байланыста болғандар екен.
Аталған науқастар стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда, науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізіліп жатыр.
Ауруға шалдыққандар арасында: 2 және 14 жастағы 2 бала мен 23-55 жас аралығындағы 5 адам бар. Бүгінде осы азаматтармен байланыста болған 81 адам оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.  Қазіргі уақытта ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге жабылды.
Шымкент қаласы бойынша қосымша 3 ошақ тіркелді. Олар мына мекен жайлар: «Солтүстік-Батыс» шағынауданындағы Үшқиян көшесі, «Қайтпас-1» шағынауданындағы Алтай көшесі және Сайрам тұрғын алабындағы Әл-Фараби көшесі.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласында жалпы коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 жағдай тіркелген.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*