Шымкенттегі 172 білім беру ошағында 222 037 оқушы білім алады. Атап айтқанда, 827 оқушыға инклюзивті білім беріліп, 702 оқушыға «WhatsApp» мессенжері арқылы оңалту сабақтары жүргізіледі.
Үшінші мегаполисте қашықтықтан білім беру бойынша 187 640 (84,5%) оқушы Республикалық «Балапан» және «Еларна»телеарналары арқылы білім алуда.
Жергілікті телеарналар арқылы бейне сабақтарды көрсету жұмыстары ұйымдастырылып, «Bilimland.kz», «Дарын Онлайн»сияқты интернет платформаларын 118 740 (53,7%) оқушы қолдануда.
Білім беру ошақтарында онлайн сабақтарды «google class», «edu page» бағдарламалары арқылы — 15 954 (7,2%) білім алушы тиімді пайдаланған.
Сонымен қатар «WhatsApp» мессенжері арқылы барлық мұғалімдер оқушылармен кері байланысқа шығып, «Күнделік», «Ай мектеп» электронды журналдарында бақылануда.
Нәтижесінде, 166 мектептің «Күнделік» электронды журналына кіруі — 93,5 %, 6 мектеп бойынша «Ай мектепті» қолдану көрсеткіші — 61,8%-ды құрады.
Қаладағы 30 364 аз қамтылған отбасы балаларының ішіндегі компьютерді қажет ететін 17 616 оқушыға мектептердегі компьютерді уақытша пайдалануға беріп, интернет мәселесі білім ұйымдарындағы қаржы есебінен шешімін тапқан.
Оқушылардың 96,7%-ы әртүрлі мобильді байланыс арқылы интернетке қосылған. Ол — 214 613 оқушы.
Қала мектептеріндегі барлық 17 253 мұғалім электронды құрылғылар мен интернет желісін қамтамасыз етілген.
Білім басқармасы тарапынан бір көзден сатып алу жүйесінде 2 250,0 млн.тг. қаржыға 9000 компьютер сатып алу жұмыстары жедел қарастырылуда.
Қазіргі таңда, елімізде жұмыс істеп тұрған 10 арнайы экономикалық аймақтардың ішінде Шымкенттегі аумағы 200 гектар жерді құрайтын «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы ең табысты жұмыс істеп тұр , деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Үкімет […]
Шымкент қаласында жаңа үлгідегі аялдамалар орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай көлемдегі аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкен көлемдегісі 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге […]
Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мерзімінен бұрын туған үшемді аман алып қалды. Өкпесі дұрыс дамымай туған нәрестелердің үшеуі бірдей дүниеге келе сала жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. […]
Пікір қалдыру