БӘЙДІБЕК БИ-АРҒЫНБЕКОВ: ЖОЛАЙРЫҚТЫҢ АЙНАЛМА ЖОЛЫ АШЫЛДЫ

Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрықтың құрылысы қарқынды жүргізілуде.
 Үш деңгейлі жолайрық құрылысы жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп, кептелісті азайту мақсатында
көліктердің қозғалысына кезең-кезеңімен ашылуда.
 Жолайрықтың екінші деңгейдегі айналма жолы көлік қозғалысына ашылды.
Айта кетейік, жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.

Жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.

Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы 2021 жылы басталған.

Жолайрық құрылысы аталған көшелердегі көлік өткізгіштік қабілетін арттырады. Мысалы, 2016 жылы жасалынған өлшеулерге сәйкес, аталған қиылыстағы Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалу жиілігі тәулігіне 24,3 мың авто, 2019 жылы 33,4 мың автокөлікке көбейген. Арғынбеков көшесінде тәулігіне 22,6 мың авто, 2019 жылы 31,9 мыңға артқан. Жолайрық құрылысын пайдалануға берген жағдайда екі есеге дейін, яғни Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі 60 мың авто/тәулікке, Арғынбеков көшесі арқылы 55,6 мың авто/тәулікке көбеймек.

 Қазір Бәйдібек би даңғылымен Арғынбеков көшесіне оң жақ бұрылыс және Бәйдібек би даңғылынан келе жатқан көліктерге кері айналуына мүмкіндік беретін жол ашық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*