ҚАЛА ӘКІМІ ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН БІРГЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ТЕКСЕРДІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов басқарған комиссия құрамымен бірге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерді.
Арнайы бақылау жүргізу барысында «3-Энергоорталық» АҚ-ы, № 3 аудандық қазандық және ӘІО 160 ГКАЛ қазандығының дайындық жұмыстары тексерілді.
«3-Энергоорталық» АҚ-ының қысқы маусымға дайындығы толық атқарылған. Ал қуаттылығы 60 Гкал № 3 аудандық қазандығының да жылу маусымына дайындығы аяқталған. Бұл қазандық 219 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етеді. Әкімшілік іскерлік орталығындағы 160 ГКАЛ қазандығы 123 көпқабатты тұрғын үйге жылу береді. Бүгінде қысқы маусымға дайын.
Қаладағы 2 076 көпқабатты тұрғын үй мен 464 бюджеттік мекемедегі дайындық жұмыстары аяқталды. Осы орайда қала басшысы жауаптыларға жылыту маусымы кезінде мәселе болмауын тапсырды.

Айта кетейік, әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жылыту маусымына дайын.

15 жылу қазандықтар мен 17 сорғы стансалар да толық дайын.

19,4 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Қаламызда көмір қоры жеткілікті.

Шымкент – еліміздегі ауа-райы ең жылы қалалардың бірі. Қысы жайлы, жазы ыстық шырайлы қаланың жылыту жұмыстары биыл ойдағыдай өткені де сондықтан шығар. Дегенмен, миллион тұрғыны бар мегаполистің келесі жылыту маусымына дайындығы, қазандықтар мен құбырларды тексеру жұмыстары бүгіннен басталатыны сөзсіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*