Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында жауын суынан келер қаупіп сейілді. Аталған елдімекенде тиісті мекеме қызметкерлері үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Жағаларды бекітіп, арнайы техника мен мамандар жұмылған.
14.05.2020 жылы сағат 12-00-дегі жағдай бойынша аталған елдімекекенде жауын-шашын салдарынан 60 аула учаскесі мен 60 шаруашылық құрылыстарын (су деңгейі 20-50 см) су басты, оның ішінде 24 тұрғын үйді су басқан, 5 шаруашылық нысан қираған.
Онда қазір қала әкімінің тапсырмасымен ТЖ салдарын жою бойынша ТЖД жедел штабы құрылған. ТЖД, сондай-ақ №6506 ә/б күшімен (қазіргі уақытта 7000 м3 су сорылды) каналдарды тазалау, тереңдету және арнаны түзету жұмыстары жүргізілді.
Су басу аймағынан 300 адам (124 бала) эвакуацияланды, оның ішінде 294 адам туысқандарына және 6 адам №119 ОМ базасында эвакуациялық пунктке орналастырылды. Оқиға орнында 4 қосалқы эвакуациялық пункт дайындалды (№ 97, 105, 120, 126 ОМ). Сондай-ақ ТЖД (133 қызметкер, 10 бірлік техника және 19 мотопомпа), ЖАО (46 қызметкер, 31 бірлік техника), 6506 әскери бөлімі (100 қызметкер, 4 бірлік техника) жұмылдырылды.
Қазіргі таңда жағдай тұрақты бақылауда. Аула учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру