Шымкент: қала әкімі су басқан елдімекеннің жағдайымен танысты

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатты жауын-шашын салдарынан су басқан Елтай елдімекеніне барып, жағдай барысымен танысты. Су шайған жерлерді аралап көрген қала әкімі тез арада осы салаға жауапты орынбасарының төрағалығымен тасқын зардаптарын жою және алдын алу жұмыстары жөнінде арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мамандардың пікіріне сүйене алдағы үш күнде толассыз жауын-шашынның болатынын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы, табиғаттың тосын мінез танытуына қарсы шаралар мейлінше күшейтілуін қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Сонымен қатар әкім жауыннан келетін қауіпті алдын ала болжай алмаған жауапты лауазымды азаматтарға тиісті шара қолданылатынын мәлім етті.

Айта кетейік, кеше сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты нөсер салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келген. Судың деңгейі 20-50 см құраған. Көп мөлшерде келген судан арық арнасынан асып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басқан.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*