Бүгін қаламызға жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысу мақсатында келген ҚР Энергетика вице-министрі
Жандос Нұрмағанбетов пен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков “Бозарық” қосалқы станциясында болды.
Қаланың солтүстік бөлігін сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы іске қосылған станция қуаттылығы 160 МВт кВ құрайды. Бүгінде қосалқы станцияның жүктемесі 47 МВт-қа жеткен.
Нысан “Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС-нің сенімгерлік басқаруында. Осыдан бірер ай бұрын жұмыс істеп тұрған 2 автотрансформатордың біреуінде ақау пайда болып, істен шыққан болатын. Автотрансформатор серіктестік көмегімен қайта қалпына келтіріліп, жуырда іске қосылды.
Айта кетейік, «Бозарық» қосалқы электр станциясы негізгі кешен саналады. Ол қуаты 110/35/10 кВ болатын 5 қосалқы электр станцияларының қосылу көзі. Осы кешеннен қуат алатын «Нұрсәт», «Астана-1», «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары аяқталған.«1-М-1» станциясының құрылысы жалғасып жатса, «Ынтымақ» қосалқы станциясының жоба-сметалық құжатын әзірлеуге тапсырыс берілген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл кешен 250 мыңнан астам халықты сапалы электр энергиясымен қамтитын болады. Қаламыз ірі өндірістік орталық ретінде қалыптасып отыр. «Бозарық» электр станциясы стратегиялық нысан ретінде шаһардағы электр қуатының жетіспеушілігін шешеді.
Сондай-ақ, ведомство басшысының орынбасары мегаполистің 2035 жылға дейінгі электр жүйесін дамытудың кешенді жоспарымен танысты.
Қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы […]
Шымкент қаласында короновирус инфекциясынан емделіп жазылып шыққандар саны 200-ден асты. Еліміздің үшінші мегаполисінде соңғы екі тәулікте коронавирус инфекциясынан 20 науқас жазылып, ауруханадан үйлеріне шығарылды. Дертінен сауыққандардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар екен. Бұл туралы […]
Шымкент қаласында жаңа үлгідегі аялдамалар орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай көлемдегі аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкен көлемдегісі 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге […]
Пікір қалдыру