Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық кеңес отырысына қатысып, мегаполисті дамытуда өзекті мәселелер аясында пікір алмасты. Жиында жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау тұрғысында бірқатар ұсыныс талқыланды.
Жалпы, есептік кезеңде қоғамдық кеңестің отырыстарында 52 мәселе қаралып, 22 хаттама түзілді, мемлекеттік мекемелерге 212 хаттамалық ұсыным жолданды. Осыған дейін 91 нормативтік құқықтық акт жобалары қаралып, қорытынды берілді. Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қоғамдық кеңестің жұмыстарын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныс жолданды.
«Халықтың мұң-мұқтажы, өзекті мәселерімен етене танысып, оңтайлы шешім қарастыруда сіздермен тығыз байланыста жұмыс істеу өте маңызды. Себебі әрқайсысыңыз өз салаңызда халықтың көкейіндегі сұрақтарға қанықсыздар. Қала тұрғындарының өмір сапасын арттыру бағытында шешімдер қабылдауда өздеріңізбен пікір алмасып отырамыз», — деді қала әкімі.
Б.Момышұлының «Жұртым» деп — жұмылып, «Елім» деп — езіліп қызмет ет» дегеніндей алдағы уақытта да Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі ел игілігі мен өркендеуі үшін қызмет ететіндігіне нық сеніммен атап өтті. Қала тұрғындарын қоғамдағы кез-келген келеңсіз жайлардың алдын алуға, болдырмауға бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Өз тараптарыңыздан ұсыныстарыңызды жолдасаңыздар, ашық диалог жасап, мәселелерді шешуге барынша күш саламыз деді, -қала басшысы.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов хабарлады. «Қытайлық компаниямен автомобиль өндірісінен бастап, оған сервистік қызмет көрсетуге дейінгі толық циклды автомобиль құрастыру зауытын құру жобасы талқыланды. Оларға Қазақстан үлкен нарық, қызығушылық […]
Шымкенттегі сауда орындары бас санитар бекіткен қаулыға сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі керек. Ал талаптардың орындалу барысын жергілікті әкімдіктерден құрылған мониторинг топтар қадағалап отырады. Абай ауданынынан құрылған топ бірнеше сауда үйіне тексеру жүргізіп, […]
Елімізде есірткімен байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл күрделі әлеуметтік мәселе тек көшеде ғана емес, интернет кеңістігінде де кеңінен таралып отыр. Әсіресе, жастар арасында кеңінен таралған мессенджерлер мен […]
Пікір қалдыру