Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай тыл ардагерлерінің шаңырақтарына барып, мерекелерімен құттықтады. Қазыналы қарияларға құрмет көрсеткен қала басшысы ақсақалдардың өсиетін тыңдап, ізгі тілегін жеткізді.
– Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін еселі еңбек етуді сіздерден үлгі-өнеге еттік. Халқының тілеуін тілеп, ақ батасын берген өздеріңіздей қадірлі қарияларымыздың жол көрсетуімен өсіп-өніп келеміз. Ұрпақтар сабақтастығымен алған тәлім-тәрбиемізді өзімізден кейінгі буынға жеткізсек, үміттеріңізді ақтағанымыз болар. Әрдайым ортамызда аман жүріңіздер! – деді қала әкімі.
Қала басшысы құрмет көрсеткен Ағабек Сүгірәлиев қарияның Шымкент қаласының дамуына қосқан үлесі орасан. Ал Жолдыбай Еңдібаев ақсақал – елімізге еңбегі сіңген құрылысшы.
Қазақта «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген тәмсіл бар. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Ата жасына жетіп, ардагер атанып отырған құрметті ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қандай да құрметке лайық. Ардагерлер қауымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласумен қатар, мемлекеттің қамқорлығын сезініп отыр. Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан қарттарға құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдірді. Қазақ халқының жарқын белгісі қашанда үлкенге — құрмет, кішіге ізет көрсету.
Арнайы құттықтау барысында қарияларға естелік сыйлықтар тарту етілді. Осынау құрмет-қошеметке ризашылықтарын білдірген ақсақалдар ақ батасын берді.
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы отбасы институты» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді. «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының мақсаты отбасы институтын қалыптастыру, отбасылық […]
Шымкент қаласында күз маусымында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында, жеке секторларда санитарлық тазалау, қураған жапырақтар мен ағаш бұталарын жинау және басқа да қоқыстарды шығару жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып, жоспарға […]
Абай ауданы әкімі Шәкір Асылханұлы жақында аудан аумағында атқарылып жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстарының барысымен танысу мақсатында бірқатар шараларды аралады. Атап айтқанда, Жиделі шағын ауданында бой көтеріп жатқан жаңа сквердің құрылысымен танысқан әкім, оның маңыздылығына […]
Пікір қалдыру