Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Түркістан облысы, Шардара ауданында жүрекке жылу сыйлаған игі шара өтті
Биыл үшемдерді дүниеге әкелген Ешмуратовтар және Оңайовтар отбасыларына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.
Бұған дейін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қолдауымен әр отбасыға демеушілер есебінен 3 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілген болатын. Ал мереке қарсаңында Шардара қаласындағы Ж.Қолдасов көшесінде орналасқан заманауи пәтерлердің кілттері салтанатты түрде тапсырылды
Салтанатты жиында аудан әкімі көпбалалы отбасыларды қолдау – тәуелсіз ел саясатының басым бағыты екенін атап өтті.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев жылы лебізін білдіріп, үшемдердің аман-есен өсіп, елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына тілектестік танытты
Қуанышқа кенелген жас отбасылар аудан басшылығына және демеушілерге шынайы алғыстарын жеткізді
Айта кетейік, жаңа баспаналар демеушілер қаржысы есебінен салынған
Тәуелсіз елдің әрбір сәбиі – жарқын болашақтың кепілі!
Бүгінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында күнкөрісі төмен отбасыларға берілетін көмектің іс-шара жоспары бекітілген. Ауданда 58 отбасы бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға түскендігі анықталып отыр. Ол отбасылардың бәріне де демеушілер есебінен 734 200 теңге көлемінде […]
Сырдария өзенінің маңындағы елді мекен тұрғындары үшін көктем мен жаз мезгілдерінде шіркей мәселесі айтарлықтай қолайсыздық тудыратыны белгілі. Соңғы күндері шіркей санының артуына байланысты Шардара ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде күшейтілуде. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына […]
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев КХ-72 «Шардара-Абай» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың жөндеу жұмыстарының барысымен арнайы танысты. Жалпы ұзындығы 19 шақырымды құрайтын бұл жол аудан тұрғындары үшін стратегиялық маңызға ие. Себебі, бұл бағыт ауыл шаруашылығы […]
Пікір қалдыру