Қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданындағы 60-тан астам көшеде атқарылды. Сондай-ақ Қаратау ауданындағы Қайтпас, Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде, Әл Фараби ауданы Сәуле елдімекенінде жалғасуда.
Осыған дейін Тұран ауданы Қызғұрт елдімекеніндегі 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Олар: Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка,Алтын сақа, Үсенов, Қожанова, т.б көшелері.
Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша бұл жұмыстар жалғасатын болады.
Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүйесін оңтайландыруға қатысты ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің жеке қабылдауында, азаматтармен кездесулерде көтерілген болатын. Осыған орай, кезекті тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар ұсыныстар талқыланды.
1 тамыздан бастап қала тұрғындарының өтініштері бойынша №16, №66, №70, №71, №69 бағыттардағы автобустардың сызбалары мен кестелері өзгертілді.
Қазіргі таңда, 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, №16 автобус маршрутының сызбасы ұзартылды
— №66 автобус маршрутының сызбасы Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды
— №71 автобус маршрутының сызбасы Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды
— №70 автобус маршрутының сызбасы тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды
— №69 автобус маршрутына кесте қосылды, яғни жұмыс күндері 13 автобус, демалыс, мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды
— Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №139 бағыттағы автобустардың сызбасы уақытша өзгертілді.
Қала тазалығы – бәрімізге ортақ. Тазалықпен айналысатын мекеменің қызметкерлері өз жұмысын жауапкершілікпен атқаратынын көпшілік жақсы біледі. Таңның атысы, күннің батысы демей, ыстық пен суықты да елемей еңбек етіп келеді. Десе де, биылғы Мемлекет басшысының Жолдауындағы […]
Қасиетті Отанға, туған жерге, өскен елге деген құрмет пен сүйіспеншілік оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Рәміздерді жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі […]
Милионды қаламыздың даму жоспарына бекітілген көптеген құрылыс нысандар мен жол жөндеу жұмыстары бар. Кезең-кезеңімен атқарылып жатқан жұмыстар елдің игілігіне біртіндеп беріліп жатыр. Жол десе, көзімізге асфальт елестейді. Әрине, тақтайдай тегіс жолмен жүру — жолаушылардың арманы. Әрі […]
Пікір қалдыру