Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 8 (7252) 21-43-23 сенім телефоны жұмыс істейді, оның көмегімен азаматтар полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекет жайттары туралы хабарлай алады. Сондай-ақ, «WhatsApp» мессенджерінде мына телефон арқылы жүгінуге болады: 8-702-371-55-66.
Осындай жағдайларды болдырмау үшін ӨҚБ-ның қызметкерлерімен Шымкент қ. ПД-нің жеке құрамы арасында заңдылық пен тәртіптің бұзылуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар мен іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Полиция департаментінің мәліметінше, карантин кезеңіне арнайы жоспар әзірленген. Төтенше жағдай кезінде азаматтармен дөрекі қарым-қатынас жасамау және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында қала периметрі бойынша блок-бекеттерде, карантиндік аймақ шегіндегі бөгеу бекеттерінде, жұқтыру ошақтарында және басқа да объектілерде жұмылдырылған полиция қызметкерлері ерекше бақылауда.
Оған қоса, қызметкерлердің жұмысын бақылаудың бірнеше түрі бар. Мысалы, бейнетіркеуіштер патрульдік полицейлердің жұмысын тексеріп қана қоймай, кейбір даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мүдделі қызметтермен бірлесіп, полиция қызметкерлеріне қатысты сыни жарияланымдарды анықтау үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ-на мониторинг жүргізеді. Мұндай жарияланымдар анықталған жағдайда әрбір жайт бойынша қызметтік тексерулер жүргізіледі.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттер мен әдепсіз мінез-құлықтар орын алған жағдайда, Шымкент қ. ПД-нің ӨҚБ бастығының орынбасары Альмахан Темірхановтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жүгінуге болады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасы Сиань қаласына барды. Сиань — әлемдегі ең көне қалалардың бірі, Қытайдың рухани және мәдени астанасы, сондай-ақ Шымкент қаласының бауырлас қаласы. Өткен жылғы сапар аясында Қазақстан […]
Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нұрсәт шағынауданындағы Измир көшесінде жаңа аллея құрылысы қолға алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Шағын аумақта тұрғындардың демалыс уақытын өткізуге арналған […]
Шымкент қаласында еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Қызғалдақ» сарайында өткен «Ата Заңым – айбыным» атты кешке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихат депутаттары, […]
Пікір қалдыру