Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қала мәслихатының жетінші сессиясына қатысты. Күн тәртібінде үшінші мегаполистің даму жоспары аясында бірқатар маңызды мәселе қаралды.
Полиция департаментінің басшысы Думан Таев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстармен таныстырды. Жыл басынан бері қала аумағында тіркелген қылмыс саны 33 пайызға азайған. Бұл ретте бейнебақылау камераларының тигізетін үлесі зор. Әкімдіктің қолдауымен қоғамдық орындар мен үй аулаларына 1 500 камера орнатылған.
Мәслихат депуттаттары Денсаулық сақтау басқармасының да есебін тыңдады. Салада 12 индикатордың барлығы орындалған. Шілде айында Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясының жасалуы — мегаполис медицинасының үлкен жетістігі. Бүгінде дәрігерлер Израильдегі клиникаларда біліктіліктерін арттырып жатыр. Бұл қала медицинаның ілгерілеп дамуына септігін тигізіп, тұрғындардың денсаулығын сақтауда үлкен сенім артады.
Естеріңізге сала кетейік, медицина саласын Мемлекет басшысының тапсырмасында алғашқылардың бірі болып белгіленген. Бұл ел азаматтарының әрбірі Қазақстан үшін маңызды екендігінің дәлелі.
Сондай-ақ жиында қала әкімдігі жанындағы бірқатар комиссияның дербес құрамдарын бекітуде мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу мәселелері де қарастырылды.
«Бүгін қала әкімі ретінде алғаш рет мәслихаттың сессиясына қатысып отырмын. Жергілікті атқарушы органның жүйелі жұмыс істеуіне оң ықпал ететін бірқатар мәселені қарадыңыздар. Президент Қ. Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бұқарамен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде маңызды тапсырмалар жүктеді. Өздеріңізбен бірлесе қала тұрғындарының игілігі үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, етене жұмыс істейміз», — деді қала басшысы.
Айта кетейік, кезекті сессия қазан айының екінші жартысына жоспарланып отыр.
Сапар барысында Премьер-Министр жаңа салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және жол нысандары мысалында Шымкент қаласы бас жоспарының іске асырылуымен танысты. Онда жыл соңына дейін 2,6 мың пәтерге арналған 66 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндалды. […]
Шымкент қаласының прокуратурасы қала әкімдігінің қолдауымен қоғамда ерекше маңызға ие әлеуметтік тақырыпты қозғайтын жаңа деректі фильмді көпшілікке ұсынды. «Үш дос – Үш тағдыр» атты туынды жасөспірімдер арасындағы есірткіге қатысты қылмыстар мен оның салдарын шынайы көрсетіп, […]
Бұгінгі басқосу маыздылығымен ерекше. Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен бүгінгі сессияда бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Отырыста мегаполистің 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті нақтыланып, бюджет 662 млрд теңге көлемінде бекітілді. Оның 28,5 пайызы даму бюджеті, 1,5 […]
Пікір қалдыру