Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков есептік кездесуде Тұран шағынауданы тұрғындары көтерген мәселелер бойынша арнайы баратынын жеткізген еді. Кейінге сырмады, ендігінің еншісінде қалдырмады. Есеп беру жиынынан соң Тұранға беттеді. Осыған орай тиісті мамандармен бірге аталған шағынаудандағы үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Осыған дейін Тұран шағынауданында жылу жүйелерінен бірнеше рет ақау шыққан болатын. Арнайы сараптама тағайындалып, қазандықтардың жарамсыз екені анықталған. Оған қоса, тұрғындар тарапынан үй қабырғаларының сапасыздығы айтылған.
Қала басшысы тиісті мамандарға сапаны назарға алуды тапсырды. Алдағы уақытта жауапсыз мердігерлермен жұмысты тоқтатуды ескертіп, қарапайым халық зардап шекпеу керектігін баса айтты. Сондай-ақ құрылысты жүргізген мердігерлерге пәтерлердегі жылу жүйелерінің ақауларын тез арада қалпына келтіріп, қысқа дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Тұран Шымкентке қосылған жаңа шағынаудан болғандықтан, мәселелер көптеп шығып жатыр. Түйінді мәселелерді дер кезінде шешілсе, ары қарай шиеленіспей уақытында бітеді. Және ол басқа да аудандарға сабақ болатынын айтты мамандар.
Биыл қалада мемлекеттік бюджет есебінен 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Оның ішінде Тұран шағынауданында 1 112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жоспар бойынша қалған 8 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Тұран шағынауданы қаланың солтүстік-шығысынан келетін күре жолдың бойында орналасқан. Бүгінде Тұранның биік-биік үйлері менмұндалап, шаһардың көркіне көрік қосып тұр. Қазіргі күнге дейін онда 28 көп қабатты үй бой көтеріп үлгерді. Оның 16-сы 5 қабатты, 12-сі 9 қабатты тұрғын үй. Аймақта жол, газ және кәріз жүйесі қолға алынып, тұрғындарға жағдай жасалуда. Шағынауданның инженерлік-коммуникация жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жоспар бекітілген.
Шымкент — один из самых быстрорастущих городов Казахстана, и транспортная инфраструктура здесь давно требует адаптации к новым реалиям. Рост населения, увеличение числа автомобилей и расширение городской территории ставят перед властями задачу — превратить разрозненные дорожные […]
Ауа райының қолайсыздығынан яғни, жауған жаңбыр мен сулы қардың салдарынан қала аумағында саябақтар, гүлзарлар және жергілікті аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен ішкі орамдық көшелерде 1202 дана ағаш пен 14761 дана ағаш бұтақтары сынған. […]
Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары […]
Пікір қалдыру