Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков есептік кездесуде Тұран шағынауданы тұрғындары көтерген мәселелер бойынша арнайы баратынын жеткізген еді. Кейінге сырмады, ендігінің еншісінде қалдырмады. Есеп беру жиынынан соң Тұранға беттеді. Осыған орай тиісті мамандармен бірге аталған шағынаудандағы үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Осыған дейін Тұран шағынауданында жылу жүйелерінен бірнеше рет ақау шыққан болатын. Арнайы сараптама тағайындалып, қазандықтардың жарамсыз екені анықталған. Оған қоса, тұрғындар тарапынан үй қабырғаларының сапасыздығы айтылған.
Қала басшысы тиісті мамандарға сапаны назарға алуды тапсырды. Алдағы уақытта жауапсыз мердігерлермен жұмысты тоқтатуды ескертіп, қарапайым халық зардап шекпеу керектігін баса айтты. Сондай-ақ құрылысты жүргізген мердігерлерге пәтерлердегі жылу жүйелерінің ақауларын тез арада қалпына келтіріп, қысқа дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Тұран Шымкентке қосылған жаңа шағынаудан болғандықтан, мәселелер көптеп шығып жатыр. Түйінді мәселелерді дер кезінде шешілсе, ары қарай шиеленіспей уақытында бітеді. Және ол басқа да аудандарға сабақ болатынын айтты мамандар.
Биыл қалада мемлекеттік бюджет есебінен 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Оның ішінде Тұран шағынауданында 1 112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жоспар бойынша қалған 8 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Тұран шағынауданы қаланың солтүстік-шығысынан келетін күре жолдың бойында орналасқан. Бүгінде Тұранның биік-биік үйлері менмұндалап, шаһардың көркіне көрік қосып тұр. Қазіргі күнге дейін онда 28 көп қабатты үй бой көтеріп үлгерді. Оның 16-сы 5 қабатты, 12-сі 9 қабатты тұрғын үй. Аймақта жол, газ және кәріз жүйесі қолға алынып, тұрғындарға жағдай жасалуда. Шағынауданның инженерлік-коммуникация жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жоспар бекітілген.
Еліміздің үшінші мегаполисінде, шырайлы Шымқалада 4094 аялдамада залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласында қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктер де коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, дезинфекциялау жұмысы барысында 64 автопарк […]
2025 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастамасымен “Заң мен тәртіп” жылы жарияланып, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берілді. Бастаманың басты бағыттарының бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Қоғамдағы тұрақтылықтың негізі – отбасы. […]
Фото авторы: Данияр Тұрсынбай Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында тұрғындармен көшпелі кездесу өткізді. Кездесу барысында Жаңаталап шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен бірге жаңа көпірдің ашылу салтанатына қатысты. Естеріңізге сала кетейік, осы […]
Пікір қалдыру