Шымкент: Карантинде қоғамдық жұмысқа тартылған 100 сарбазға алғыс хат табысталды

Шымкент қаласында төтенше жағдай режимі кезеңінде залалсыздандыру жұмыстарына атсалысып, блок-бекеттерде қызмет еткен ерікті сарбаздардың еңбегі еленіп, марапатталды. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хатын табыстады.

Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын. Ерікті сарбаздар уақытпен санаспай қоғамдық жұмысты адал атқарып, міндеттерін мүлтіксіз орындап шықты. Еліміздің үшінші мегаполисінде тәртіп пен тазалықтың сақталуына ерен үлес қосты.
Қауіпті дертпен күресте белсенділік танытқан сарбаздарды марапаттау барысында қала басшысы олардың ерліктерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, еріктілер жылы қарсаңында өз еркімен көзге көрінбейтін инфекциямен күресте аянып қалмаған әрбір сарбазға мегаполис тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

Шымкент қаласы әкіміінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*