Биыл Шымкент қаласы Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданы тұрғындарымен кездесуде көтерілген өзекті мәселерге байланысты Құрсай елдімекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Құрылыс екі кезеңде атқарылуда. Бірінші сатыда мердігерлер шағынауданға су жеткізу үшін ұзындығы 185,5 шақырымды құрайтын құбырларды жүргізуде. Жаңа желілер арқылы 5 мыңға жуық отбасыға ауыз су жеткізіледі. Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі қараша айында аяқталады. Қазіргі таңда құрылыстың 99 пайызы орындалған.
Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті сапалы тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5% құрап отыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда Құрсай елдімекенін табиғи газбен және жарықпен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жыл соңына дейін басталатын құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлан.
Ал екінші кезеңдегі жалпы су жүйелерінің ұзындығы — 151 шақырым. Бүгінге дейін жұмыстардың 98 пайызы аяқталған. Нәтижесінде жыл соңында 3 мыңнан астам абонент ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, бүгінде қаладағы 81 елдімекеннің 78-не ауыз су үздіксіз берілуде. Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші жаңа құрылыс аудандарына су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5%-дан 100 пайызға дейін артады. Қазіргі таңда ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап берілде. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр.
Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтап, мерзімінде атқару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта […]
Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға айналғалы жан-жақты өсімнің қарқыны байқалады. Мегаполисте шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 50 пайыздан асты. Бұл өсім жыл сайын жоғарылап, қаланың дамуына үлкен әсер етуде. Шымкентке шетелдік инвестиция тартылып, соның […]
Шымкент қаласында жаңа үлгідегі аялдамалар орнатыла бастады. Еліміздің үшінші мегаполисінде екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ. Кішкентай көлемдегі аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкен көлемдегісі 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге […]
Пікір қалдыру