ҚР Үкіметі тарапынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу қарастырылған болатын.
Шымкентте жалға алынған пәтерді субсидиялауға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы тексерілуде. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы жүргізген мониторингке сәйкес, 256 азаматпен жасалынған келісімшарт тоқтатылды.
Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі» туралы бұйрықта көрсетілгендей аталған бағдарламаға белгіленген топтар ғана қатыса алады. Олар: І, ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар.
Бұйрық күшіне енген сәттен бастап Шымкентте 1 769 азаматқа субсидия берілген.
Айта кетейік, атаулы көмек бойынша тізім механизм дайындалғанда ғана жасақталатын болады. Баспананы жалға алудың бір бөлігін төлеу қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын пәтер жалдаушы өз бетінше төлейді. Қайталама тұрғын үйді жалға алу үшін отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (36 018 тг) кезекте тұрған көпбалалы отбасылар. Аталған субсидиялау механизмінің басты операторы болып «Отбасы Банкі» белгіленді.
Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:
-Қазақстан Республикасының азаматтығы;
— Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген (36 018 тг) шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
— Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
— Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.
Жаңа механизм мүдделік органдармен бекітіліп келісілген соң ғана мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрайымының бұйрығымен Шымкент қалалық филиалының директоры қызметіне Исабеков Данабек Ержанұлы тағайындалды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Исабеков Данабек Ержанұлы 1983 жылы дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілген. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды […]
Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті. Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш […]
Пікір қалдыру