Елімізде 19 қазан – құтқарушылар күні. Соған байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекзат Қамбаров құтқарушылардың атқарған жұмысы туралы баяндап, жетістіктері мен халық үшін атқарған қызметі жайлы айтты.
Үшінші мегаполистегі ТЖ департаментіне қарасты 9 өрт сөндіру бекеті мен 5 аудандағы төтенше жағдайлар басқармасында 900-ге жуық қызметкер қызмет атқарып жатыр. Мекемелердің техникамен жабдықталуы 89 пайызды құрайды.
Б.Қамбаровтың айтуынша, осы жылдың 9 айында департаменттің 101, 112 шұғыл байланыс нөміріне 200 мыңнан астам қоңырау түскен. Түскен қоңыраулар бойынша құтқарушылар 2 547 орындағы өртті сөндіріп, 348 авариялық-құтқаруға, 6 іздестіруге және 234 рет халыққа түрлі бағыттағы құтқару көмегін көрсеткен екен. Осылайша 234 адам ТЖ қызметкерлерінің көмегімен құтқарылса, оның 155-і кәмелеттік жасқа толмаған балалар.
Осы жылдың басынан бүгінге дейін Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау қызметкерлерінің біліктілігін шыңдау үшін 2385 оқу-жаттығуы өткізілген. Құтқарушылар қандай қиындық болмасын азаматтарды оқыс оқиғалар мен өрттен құтқару ісін қалтықсыз атқарып отыр.
Кәсіби мереке мен 25 қазан – Республика күніне орай Шымкенттегі ТЖ-нің 20 қызметкерін марапаттау үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне ұсынған. Оның ішінде атақ беру, төс белгі және грамота бар. Сонымен қатар, екі қызметкерге Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шараларды әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай, карантин енгізілген өңірлерде халықтың жекелеген санаттарының коммуналдық шығыны үшін тұтынушылардың дербес […]
Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған баланы аман-есен тауып, ата-анасына табыстады. Бұл жайт тәртіп сақшыларының кәсіби, жылдам әрі үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін көрсетті. Оқиға 2025 жылдың тамыз айында орын алған. […]
Қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу […]
Пікір қалдыру