ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӘСІПОДАҚТАРЫ ЕҢБЕК КӨШІ-ҚОНЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкентте Орталық Азия кәсіподақтары кеңесінің Бас хатшысы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің төрағалығымен ОАЕКК-нің ІV отырысы өтті. Оның жұмысына Кеңес мүшелері, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Моңғолия ұлттық кәсіподақ орталықтарының басшылары, сондай-ақ, Халықаралық еңбек ұйымы мен Халықаралық көші-қон ұйымының сарапшылары және бес елдің ұлттық кәсіподақ орталықтарының делегациялары қатысты.

Күн тәртібінде Орталық Азия елдеріндегі еңбек көші-қонын реттеу мәселелерін қарау,  Жастар кеңесін құру жөніндегі нормативтік актілерді, халықаралық және ішкі туризмді дамыту тұжырымдамасын бекіту, марапаттау қызметінің тұжырымдамасын талқылау және «2023 жылғы Орталық Азия елдері кәсіподақтарының үздік ұжымдық шарты» өңірлік байқауының қорытындыларын шығару.

«Бүгінде біздің алдымызда өңірімізде әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету міндеті тұр. Біз күш-жігерімізді жаңа әлеуметтік келісім шарт жасауға және лайықты еңбек үшін жағдай жасауға бағыттауымыз керек. Тек осылайша біз әлеуметтік-экономикалық жүйелеріміздің барлық деңгейлерде тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз. Кірістерді бөлудегі теңсіздік пен кедейлік әлеуметтік-экономикалық даму жолында елеулі кедергілер болып қала береді. Қазіргі қоғамдық келісімді өзгертіп, ортақ мақсаттарымызға жету үшін жұмыс істейтін уақыткелді», – депатапөттіОрталық Азия елдерініңкәсіподақтаркеңесінің Бас хатшысы

Жаһандану жағдайында, сондай-ақ геосаяси және экономикалық дағдарыстардың өсуі жағдайында көші-қон процестері ушығатын болады деген пікірге келісті. Күн тәртібінің бірінші мәселесін талқылауды ОАЕКК Бас хатшысы Сатыбалды Дәулеталин қорытындылады.

Өңірдегі еңбек көші-қоны мәселесін қараудың негізгі қорытындысы еңбек көші-қоны саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы ОАЕКК ұлттық кәсіподақ орталықтары арасында келісімге қол қою болды. Құжатқа Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстан кәсіподақтары федерацияларының төрағалары  қол қойды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*