Шымкент:Әділет департаменті Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн форматта семинар өткізді

Шымкент қалалық Әділет департаментінде Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырған семинар өтті. Семинар видеоконференциялық, яғни онлайн форматта өткізілді.

2019 жылдың мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Осыған орай, Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Орынбасар Тастанов және Департамент басшысының орынбасары Балжан Алипбектің қатысуымен хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн режимдегі видеоконференциялық семинар өткізілді.
Видеоконференция барысында Департамент басшылығы Ұлы Абайдың өмір жолы мен шығармашылығын қатысуышыларға насихаттай отырып, ақын мерейтойына арналған іс-шаралар ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін атқарылып жатқан жұмыстар екендігін жеткізді.
Бұдан бөлек онлайн режимдегі семинарға «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорацияның, Заң консультанттар палатасының, адвокаттар алқасы мен нотариаттық палата өкілдері, бұдан бөлек сот орындаушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Айта кету керек, Шымкент қаласының Әділет департаменті алдағы уақытта Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған бірқатар шараларды атқаруды жоспарлап отыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*