Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Арманда» бизнес форумының жетекшілері — медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяровпен, белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызымен, белгілі продюсер Жан Мұқановпен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу, отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұлғалық даму мәселелерін қамтыған іс шараның спикерлері форумның өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, тың тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, жиында жойылуға таяу мамандықтар мен сұранысқа ие қызмет түрлері жөнінде кең мағлұмат берілді. Спикерлер өмірлік тәжірибелерін айтып берді. Отбасы құндылығы, гендерлік теңдік және әйелдің қоғамдағы рөлі туралы тақырыптар қозғалды. Дін мен ұлттық салт-дәстүрді ұштастыру, ұлттың болмысына сай жастарға әдет-ғұрыпты дәріптеу тетіктері де талқыға салынды. Қатысушылар түрлі сауал қойып, емін-еркін диалог өрбіді.
Форумның мақсаты – өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеру, жаңа бизнес түрлерін меңгерудің тетіктерін жеткізіп, бренд қалыптастыруда, тұлғалық дамуда жаңа ізденістерді талқылау. Іс шара жетекшілері бизнесті өркендетуде мегаполистің мүмкіндіктеріне тоқталып, жергілікті халықтың кәсіпкерлік саласында белсенділігін ерекше атап өтті.
Қала басшысы спикерлерге алғысын жеткізіп, Шымкентті дамытуға, жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа бастамаларға қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы – ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, стратегиялық нысандарды күзетуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, терроризмге және экстремизмге қарсы күресте маңызды рөл атқаратын құрылым. Бұл әскери құрылымның кәсіби деңгейін, тәртіп пен жауынгерлік рухын қалыптастыру […]
Кез келген мемлекеттің өркендеуі мен ұзақмерзімді дамуы ең алдымен ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімге байланысты. Бұл – уақыт сынынан өткен ақиқат. Тарих беттерін парақтасақ, сыртқы күштің емес, ішкі алауыздықтың салдарынан әлсіреген, тіпті жойылып кеткен елдер […]
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті. Басқарма басшысының мәліметінше, қала аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 62,6 мың га құрайды. Оның ішінде, егістік жер — […]
Пікір қалдыру