Түркістан қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен әйелдерге арналған “Ресурсты ана – сау ұрпақ” тренингі өтті. Жоба жетекшісі “Дара Медиа” орталығының басшысы Халдарбек Рухабза. Салтанатты жиынды қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы ашты. Шараға облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева қатысты.
Жобадағы спикерлер остеопат маманы Дариға Жұмабекқызы, балалар невропатологы, “Сөйле балам” орталығының негізін қалаушы, әлеуметтік кәсіпкер Ғалия Нұржанқызы, балалар психологы және нейропсихолог маман Жаннат Қаныбекқызы, невропатолог дәрігер Әсел Қайратқызы, интегративті дәрігер-гинеколог Мөлдір Баратбаева тақырып төңірегін жан-жақты талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды.
Аталған жобаны алдағы уақытта өзге қала-аудандарда өткізу жоспарланып отыр.
Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің туристік астанасы» аясында және «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай ерекше шара ұйымдастырылды. Бұл жолы волейболдан 2007-2008 жылдары туған жасөспірім қыздар арасында Қыбыраев Тастанбек Дүйсебекұлының құрметіне арналған республикалық […]
Енді Түркістан өңірінің тұрғындары Ұлыбритания, Қатар, Оңтүстік Корея елдерінде заңды түрде жұмысқа орналаса алады. Бүгін өңірімізге арнайы келген Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен болатын. Содан кейін БҰҰ Көші-қон агенттігінің […]
Түркістан облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала басшысының орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты қатысты. Фараб әмбебап кітапханасында өткен […]
Пікір қалдыру