Шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі «Бірлік», «Отырар» тұрғын алаптарында жалғасты. Кездесуде сектор тұрғындары қала әкіміне жол мәселесі, ойын алаңшалары, түнгі жарықтандыру, коммуналдық қызмет, білім саласы, тұрғын-үй, қоғамдық көлікке қатысты сауалдарын қойды.
Тұрғындардың талап-өтініштерін тыңдауға қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
«Бірлік» тұрғын алабының халқы көшелерін толық жарықтандырып, қауіпсіздік үшін бейнекамера орнатып беруін сұрайды. Сонымен қатар, мұндағы тұрғындарды тазалық пен жол сапасы да алаңдатады. Аталған сектор тұрғындарын тыңдаған шаһар басшысы мәселелерді шешуге тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді.
Қала әкімі «Отырар» секторы тұрғындарының коммуналдық төлемге қатысты өтініштерінің заң аясында шешілетінін, балалар ойын алаңшаларының жоспарға сай орындалатынын айтты. Қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік сұраған көп балалы аналар мен ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға бұл мәселені қолға алғанын жеткізді.
— «Бүгін қаладағы автобустардың жайымен таныстым. Қоғамдық көліктерге жауапты облыс орталығындағы екі автобус паркінің басшыларын шақырып, жекелеген санаттағы азаматтардың қоғамдық көлікте тегін жүруі бойынша мәселені талқыладық. Алдағы уақытта бұл тақырыпта мамандар жұмыс істейді»,-деді Әзімбек Пазылбекұлы өз сөзінде.
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігі Қазақстан сурдо дзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізілмек. Аталған федерация мәлім еткендей, әлем чемпионатына 25 елден 200 спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан тарапынан 22 дзюдошы […]
Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында Түркістан қалалық Мәдениет үйінің қайта құрылған «Яссы» халықтық этно-фольклорлық ансамблі мен «Яссы» халықтық би ансамблінің 1 жылдығына арналған «Алтын қазыналы жыл» шығармашылық концерті ұлттық нақышта жоғары деңгейде аншлагпен өтті. […]
Осы жылдың 13-19 желтоқсан аралығында Түркістан облысы әкімдігі жыл соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауының алдын-алу мақсатында облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің қызметкерлерімен бірігіп рейдтік шара өткізді. Арнайы топ Түркістан қаласындағы «Қуаныш», […]
Пікір қалдыру