Осы жылдың 13-19 желтоқсан аралығында Түркістан облысы әкімдігі жыл соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауының алдын-алу мақсатында облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің қызметкерлерімен бірігіп рейдтік шара өткізді. Арнайы топ Түркістан қаласындағы «Қуаныш», «Алтын бұлақ» базарлары мен «Бәйтерек», «Шапағат» сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын негізсіз көтермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда «Дастархан», «Даулет», «Шапағат», «Бәйтерек», «Береке» сауда үйлеріне және «Қуаныш» базарына Тұрақтандыру қорының тауарлары жеткізілуде. Осындай шаралардың нәтижесінде аталған сауда орындарында нан -75 теңгеден, пияз — 53 теңгеден, сәбіз — 72 теңгеден, картоп — 85 теңгеден, қырыққабат — 90 теңгеден, қарақұмық — 105 теңгеден және құмшекер — 205 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ, қалада арзан бағада азық-түлік сататын арнайы 14 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп келеді. Мамандар базар нарқын тұрақтандыру мақсатындағы жүйелі жұмыстар жалғасын таба беретінін айтты.
В городе Туркестан насчитывается 875 улиц общей протяженностью 845 километров. Из них: 371 км (44 %) – асфальт, 360,3 км (42,6 %)-щебень, 113,7 км (13,45%) — грунтовая дорога. С начала года проведены строительные работы […]
Осылайша, кәсіпкер ауызашарды ерекше форматта ұйымдастырды. «Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік пакеттерін үлестірді. «Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының […]
Театр – көрер көзге, көңілге ерекше эстетикалық ләззат сыйлайтын өнердің алтын ордасы. Онда архитектурадан бастап, мүсін, бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, ән-би, жыр, сөз өнері – бәрі жинақталған. Адамның қиялында шек жоғын, өнерде ұлт, шын талантта шекара […]
Пікір қалдыру