Театр – көрер көзге, көңілге ерекше эстетикалық ләззат сыйлайтын өнердің алтын ордасы. Онда архитектурадан бастап, мүсін, бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер, ән-би, жыр, сөз өнері – бәрі жинақталған. Адамның қиялында шек жоғын, өнерде ұлт, шын талантта шекара болмайтынын дәлелдеген туындыларға қарап еріксіз таңдай қағасың. Әсіресе, ол нысан әлемдегі ең таңдаулы, ең ерекше театрлардың бірегейі болса
Түркістан қалалық мәдениет үйінің «Түркістан» халық театрының әртістері Ордабасы ауданының 60 жылдығы және «Темірлан» халық театрының құрылғанына 50 жыл толуына орай ұйымдастырылған Ордабасы аудандық мәдениет үйінде өтетін облыстық «Театр — өмір айнасы» «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар театрлар байқауына жергілікті жазушы, драматург Елтай Бимаханбетұлының «Қырсық келін» драмасымен бақ сынамақ.
Еуропа мен Азияны тоғыстырып жатқан Ұлы Жібек жолының күретамыры, Қазақ хандығының астанасы болған сан ғасырлық тарихы бар киелі Түркістан қаласы күллі түркі жұртының рухани астанасы, көне қала Түркістан бүгінгі таңда жаңашылдықтың бастаушысы, өнер мен өркениет көшбасшысына айналып отыр.
Айта кетейік Түркістан қаласы мәдениеттің ұлы ордасы. Театрға деген сұраныс бүгінде артып келеді. Жастардың театр туралы сұранысы, қойылымдарға билеттердің болмауы осыған бірден-бір дәлел болып отыр. Түркістан қаласында елге белгілі Райымбек Сейтметов театры бар. Көпшіліктің көңілінен шығып жүрген театр түрлі бағыттағы қойылымдарды қояды. Театр небәрі 4-5 жыл көлемінде аяққа тұрды. Жас театр болса да күрделі тарихи-драмаларды сахнаға шығарып кәсіби тұғырға құлаш сермеді. Көптеген театр фестивальдерінен жүлделі оралып жүрді. Өзінің бағытын айқындады. Түрік тілдес елдер драматургиясын көбірек сахналады. Мақсат айқын. Түркістан театры – түркі тілдес елдердің театр өнерінің ортақ ордасына айналуы керек.
Ал алдағы Түркістанның атынан өнер көрсететін Түркістан халықтық театры да осалдардан емес.
Ұжымдастарымызға сәттілік серіктері болып, жүлдемен оралсын деп тілейміз!
Түркістандағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті тілеу, С.Қожанов көшеліріндегі жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылуда. Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен ашылған «Жастар» саябағы заманауи талаптар мен қала тұрғындарының сұраныстарына толық сай келетіні қуантады. Жалпы соңғы жылдары Түркістан қаласының келбеті күрделі өзгерістерге ұшырап, тарихи және мәдени мұраларды сақтай отырып, жаңа […]
Түркия елінде, Ыстанбұл қаласында Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және Түркістан облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қонақта болды. Мәдениет орталығында биыл Түркия Республикасының 101 жылдығы және Қазақстан […]
Пікір қалдыру