Қала күні мерекесі аясында бірқатар мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланған болатын. Осыған орай, бүгін Этноауыл аумағында қала күніне арналған шара ұйымдастырылды. Келген қонақтар мен көрермендерге Мәдениет үйінің өнерпаздары тақырыпқа сай әндерін тарту етті. Түркістанның өсіп-өркендеуі және саяси-тарихи тақырыптарға байланысты сұрақтар қойылып, жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ шарада қаламыздағы жалпы білім беретін №9 Некрасов, Мәншүк Мәметова, №15 М.Жұмабаев , №17 Ататүрік т.б мектептерінен жетекшілерімен келген талантты оқушылар табиғат аясында Жаңарған Түркістанды бейнелеп, тоқымашылар, құрақшылар, зергерлер және т.б қолөнер шеберлері көрмесін ұсынды. Бірнеше аудандардан арнайы келген қолөнершілер өздерінің құрақ көрпеше жасау өнерлерін көрсетті. Арнайы Сауран ауданы «А.Қ Орда» мектебінен келген жас өнерпаз Шахарбек Інжу Серікқызы патриоттық сезіммен ән шырқап, тыңдарманның ықыласына бөленді. Құттықтау сөз алған Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы сөз соңында Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қазақтың қол өнері арқылы Гиннестің рекордтар кітабына еніп, төл өнерімізді әлемге танытуға атсалысып үлес қосқан бірнеше әжелерімізді марапаттады.
Мерекелік шараға келген қонақтар мен көрермендер алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Айта кетейік, қала күні қарсаңында көптеген мәдени іс-шаралар өткен болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған шаралардың дені ашық аспан астында өткізілді.
Мереке күні құтты болсын! Қала күнін бірге тойлай берейік!
Облыс орталығында қазақ күресінен «Дала қырандары» жарысы өтті. Елішілік жарыста Шымкент, Астана, Алматы қалаларымен қатар, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облысы, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 100-ге жуық спортшы бақ сынады. Олар 6 салмақ дәрежесінде […]
Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті. Тәртіп пен тазалықтың үлгісі болған шараға облыс орталығындағы мәдениет және өнер мекемелері де атсалысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өздеріне бекітілген аумақта 100-ге жуық мәдениет қызметкерлері тиісті жұмыстар атқарып, жоспар бойынша көше […]
Облыс орталығындағы «Яссы» спорт кешенінде «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, […]
Пікір қалдыру