Облыс орталығындағы «Яссы» спорт кешенінде «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысушылар спорттың төрт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, 2 кезеңнен тұратын шағын футболдан турнир мен командалық арқан тартыс, сондай-ақ, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг). Оған облыс көлеміндегі діни бірлестік өкілдері мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Бұл іс-шараға ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігі мен, «Сарыағаш медресе колледжі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығы, Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, қала, аудан «Ішкі саясат» бөлімдерінен құралған командалар, Дін істері басқармасының спорттық командалары қатысты.
Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты жағдайда өткізілді. Марапаттау шарасында сөз алған облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы Рухани келісім күнінің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға алғысын жеткізді.
Сайыс қорытындысында шағын футболдан «Сарыағаш медресе колледжі жеңімпаз атанды. Екінші орынды, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі, үшінші орынды Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ иеленді.
Ал, командалық арқан тартыс сайысында Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ топ жарды. Екінші орынды ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдігі, үшінші орынды «Сарыағаш медресе колледжі иемденді. Кір тасын (гир) көтеруде Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ чемпион атанса, екінші орынды «Сарыағаш медресе колледжі командасы, үшінші орынды Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ командасы жеңіп алды.
Қол күресте (армрестлинг) «Сарыағаш медресе колледжі қарсылас шыдатпады.
Түркістанда 400 адамның қатысуымен тазалық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында өткен сенбілікке 13 техника жұмылдырылды. Әмір Темір, Төле би, С.Қожанов, О.Жандосов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, қураған шөптер тазартылды. Ағаштарды […]
Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығында» тегін спорт бөлмесі жұмыс істейді. Бұл қала жастары үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануға зор мүмкіндік. Спорт бөлмесінде шынығу үшін орталықтағы спорт үйірмесіне жазылу қажет. Сол арқылы аптаның дүйсенбі, […]
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің жайлылығы үшін кіру билеттерін сайт арқылы онлайн сатып алу және Кесене аумағында орналасқан терминалдар аркылы билеттер алып, турникеттерге QR-код скан арқылы кіру мүмкіндігі енгізілді. Жаңа жүйені алғашқы болып облыс басшысы […]
Пікір қалдыру