Түркістан қалалық «Жастар ресурстық орталығында» тегін спорт бөлмесі жұмыс істейді. Бұл қала жастары үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануға зор мүмкіндік.
Спорт бөлмесінде шынығу үшін орталықтағы спорт үйірмесіне жазылу қажет. Сол арқылы аптаның дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 15:20 мен 17:20 аралығында спортпен шұғылдануға болады. Келушілерге нұсқау беретін арнайы екі жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорт бөлмесі жаттығуға арналған құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, орталықта үстел теннисімен де айналысуға мүмкіндік қарастырылған.
Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығында» ағылшын тілі курсына қатысып, тегін шет тілін үйренуге мүмкіндік бар. Шет тілі курсы аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 09:00 ден 19:00-дейін жүргізіледі.
Жалпы Түркістан қаласында 71486 жас бар. Оның 10574-і жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер үлесінде. Орта арнаулы оқу орындарында 6743 студент білім алады. Бүгінгі күнге дейін қалалық «Жастар ресурстық орталығы» 3 мыңға жуық жасқа қызмет көрсетті.
Еске сала кетейік ағымдағы жылдың маусым айында Түркістан қаласында «Жастар орталығының» жаңа ғимараты пайдалануға берілген болатын.
Жастар орталығына арналған бұл нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Сәулеті мен салтанаты келіскен ғимарат тәулігіне 100-ден аса жасқа қызмет көрсетеді. Онда жастарға білімін көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Орталық арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдарымен қамтамасыз етілген. Еріктілерге арнайы үлкен зал мен кинотеатр да қарастырылған. Одан бөлек, орталық жанынан амфитеатрдың құрылыс жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 486 жас бар. Қаладағы 2 жоғарғы оқу орында 12 265 студент білім алып жатыр. 8 орта арнаулы оқу орындарында студенттер саны – 7441.
Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ-шы халықаралық турнир мәресіне жетті. Апта бойында шаршы алаңда қолғап түйістірген жұдырықты жігіттердің жеңімпаздары белгілі болды. Тартысқа толы өткен […]
«Amanat» партиясының қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдадық. Алдын-ала жазылу арқылы 10 тұрғынның мәселесін тыңдап, шешімін қарастырдық. Негізгі сұрақтар тұрғын үй, жұмысқа орналасу, қаланы көгалдандыру, коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және жер […]
Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Түркістанда Әлемнің халықаралық қолөнер қалалары ұйымы (WCC International) президенті Саад Каддуми бастаған әлемге танымал қолөнер өкілдері мен қолөнер сарапшылары бас қосты. Оған 19 […]
Пікір қалдыру