Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? — деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осы ретте Түркістан ҚПБ қызметкерлері, әкімшілік Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы», әрбір Сектор қызметшілері және Ерікті жастар бірлесе қала көлемінде есірткі жасырылуы, жарнамалар орналастырылуы ықтимал орындарды анықтау үшін рейдтік іс-шараға жұмылдырылды.
Айта кетсек, 2024 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымының 289 фактісі анықталды. Оның ішінде есірткі сатудың 12 фактісі және есірткі контрабандасының 64 жағдайы тіркелген. Заңсыз айналымнан 116,6 кг есірткі заттары тәркіленді. Синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 60 ақпараттық сайт бұғатталған.
Ұйымдастырушылар өз сөздерінде жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында, іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін тынымсыз еңбек етуге шақырды.
Сондай-ақ іс-шарада белгілі әншілер, облыс ансамбльдері мен жас спортшылар өнер көрсетті. Ал полицейлер жастарға есірткіні қолданудың зияны туралы ескертіп, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.
Түркістан қаласы тұрғын үй құрылысы саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, қала тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. 2025 жылы қалада 944 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілу жоспарланған. Жыл басынан бері 348 […]
Түркістан қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубы» 2021 жылы жұмысын бастаған болатын. Клуб жұмысын бастағалы бұқаралық спортты дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Тұрғындардың қатысуымен «Денсаулыққа қарай 10000 қадам», «Спорт- Денсаулық кепілі» сынды бүкілхалықтық жүгіру марафондары […]
Жаз — бұл баланың күндерін жарқын әсерлерге толтырып, ойын, саяхат және таным арқылы әлемді танытудың тамаша уақыты. Егер сіз Түркістан қаласында тұрсаңыз немесе осында сапар шегуді жоспарласаңыз, балаларға арналған қызықты әрі пайдалы орындардың көптігіне таң […]
Пікір қалдыру