Түркістанда әлем әншілерінің назарын аудартқан ғажап үн, талайды тамсандырған Тұран дауысы қайта оралды. Бүгін «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалі басталды. Салтанатты ашылуында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов көрерменді өнер мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгінгі байқаудың өңір руханиятын дамытуға ықпалы зор деп есептеймін. Қазақ халқы ежелден өнерге жақын болған. Мұны сан ғасырлық тарихтан аңғаруға болады. Бүгінгі өнер өнер додасының Түркістан төрінде қанат жаюы тегіннен емес. Қазіргі таңда мұнда республикалық және халықаралық шаралардың өтуі дәстүрге айналып келеді. Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндерін орындаушылар байқауы аз ғана уақытта әлемдік деңгейдегі танымал жобалардың қатарына енді. Осы жылы да өнер байқауы ел көңілінен шығады деп ойлаймын. Биылғы байқауға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, танымал композитор Төлеген Мұхамеджанов бастаған өнер қайраткерлері төрелік етуге келіп отыр. Бүгінгі өнер додасына қолдау білдіріп, қазақ әндерін насихаттауға үлес қосудағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қазақ әндері әлемдік өнер көгінде қалықтай берсін! – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы.
Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған ән байқауына Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Әзербайжан, Грузия, Беларусь, Армения, Кипр, Түркия, Болгария, Косово, Индонезия, Испания, Куба, Венесуэла елдерінен халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар 16 үміткер қатысып жатыр. Байқау шартына сәйкес бүгін еліміздің өнер шеберлерімен бірге дуэт орындады. Ал ертең өз таңдауындағы қазақ әнін шырқайды.
Облыс орталығында «Бекзат» тұрғын алабының 1999 жылы туған азаматтары кіші футболдан құрдастарын еске алу турнирін ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатында ел ағасы Дәулеткерей Оспанов, «Бекзат» мешітінің бас имамы Ғалымжан Аташев, марқұм Абай Сәбитұлының ата-анасы сөз сөйлеп, […]
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен көпқабатты тұрғын үйлердің сапасы бойынша өткізілген жиын маңызды қадам болып табылады. Жиында құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, жедел сатыдағы қызмет көрсетуші мекемелердің тиімділігі, сондай-ақ шешімін таппай келе жатқан мәселелер […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жақында қала аумағында жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарының сапасын бақылап, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Қала басшысы ең алдымен Жібек жолы тұрғын үй кешені мен […]
Пікір қалдыру