Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын атап өту мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.
– Бүгін біз ұлы тұлға, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойын атап өту үшін жиналдық. Бұл шара – батырымыздың ерлігін, отаншылдық рухын және халқымыз үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі іс-шара – Рақымжан Қошқарбаевтың мұрасын мәңгі сақтау, оның атымен байланысты тарихи оқиғаларды жаңғырту, болашақ ұрпаққа жеткізу үшін маңызды сәт. Біз оны ұмытпай, жадымызда сақтауға міндеттіміз, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Екінші Дүниежүзілік соғыста Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақтың бүгін туған күні. Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келді. Батыр жата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленеді.
Соғыс алаңына Рахымжан 18 жасында аттанып, Одер мен Шпрее өзендерін басып алуға қатысқан. Берлин үшін шайқаста Рахымжан мен оның взводтары ең бірінші Корольдік алаңға, «Гиммлер үйіне» басып кіреді. Мұнда лейтенант Қошқарбаевқа тарихи маңызы бар – Рейхстаг ғимаратының үстіне Қызыл Туды көтеру туралы бұйрық беріледі. Қанды майданға қарамастан, 30 сәуір күні, сағат 18:30-да Рейхстагтың алдына Қызыл Ту тігілді. Омылайша, Р.Қошқарбаев Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Жауынгерлік Қызыл Ту және «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваның азаттығы үшін» медальдарымен марапатталған. Рахымжан Қошқарбаев 1988 жылы қайтыс болды. 2001 жылы қайтыс болғаннан кейін, оған «Халық қаһарманы атағы берілді
Мерекелік іс-шара аясында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандумның мақсаты – олыстағы әртүрлі деңгейдегі Ардагерлердің өзара бірлігін нығайту, «Ардагер» деген құрметті есімнің мәртебесін көтеру, ұлағатты өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету, дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарын сақтау.
Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мерекелік кеш өтті. Шарада БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, қоғам белсенділерімен бірге «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан қаһармандар мен белсенді ерікті жандар қатысты. […]
Түркістан қаласы Самал мөлтек ауданындағы 4 көпқабатты тұрғын үйге газ беріліп, 64 отбасы қуанышқа кенелді. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев тұрғындармен кездесіп, халықты қуанышты жаңалықпен құттықтады. Облыс әкімінің орынбасары көптен бері өзекті мәселеге айналған газдандыру […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жақында қала аумағында жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарының сапасын бақылап, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Қала басшысы ең алдымен Жібек жолы тұрғын үй кешені мен […]
Пікір қалдыру