ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-ң ұйымдастыруымен “BASTAU Talks” атты кездесу өтті. Шарада Астана қаласы, ҚМДБ-ның “Ырыскелді қажы” мешітінің Бас имамы, теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы және “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-ң директоры Медет Мұзапбарұлы Түркістан қаласының жастарымен кездесті.
Шара мақсаты — жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кездесу барысында спикерлер бірқатар келелі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті. Кездесуден кейін қатысушылармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптар алды. “BASTAU Talks” жобасы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл көптеген жетістікке жеткен білікті тұлғалардың өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жету жолын жастарға үлгі етуге бағытталған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*