Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі баяндалды. Осы ретте аудандағы Қызылжар және Жаскешу елді мекендеріндегі 11 көшенің 7,4 шақырым жолы орта жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, Қызылжар елді мекеніндегі Т.Балабеков көшесіне 460 метр аяқжол салынды.
Сонымен қатар, бүгінде Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, ойын мен воркаут алаңшасының құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Кездесу соңында аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Сондай-ақ,Қызылжар ауылдық округіне қарасты Қазыбек би, Әйтеке би, Достық, Жеңіс көшелеріне жалпы ұзындығы 1,9 шақырымды және жалпы ұзындығы 2,8 шақырымды құрайтын О.Есенбеков, И.Жансүгіров, Мекенбай ата көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Осы тұста, аудан әкімі Арман Абдуллаев асфальт төсеу жұмыстарының барысын қадағалап қайтты. Сондай-ақ, жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.
Айта кетсек Қызылжар ауылдық округі бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 7,3 шақырымына оратша жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шартты бұзғандарға шара барын ескертті. Облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездесті. Оларға құрылысты ширатуды тапсырды және міндеттерін жіктеді. Аймақ басшысы келісім-шартта көрсетілген тиісті міндеттерді бұзғандарға, кестеден […]
Келес ауданында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға ерекше мән берілуде. Аталған жұмыстар бойынша аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев «Асвс ойл» ЖШС өкілдерін қабылдап, жаңа өндіріс орнының ашылу барысын талқылады. Аталған серіктестік Ошақты […]
Жетісай аудандық полиция бөлімінде мейрамхана, дүкен, кафе, жанармай құю бекеттерінің иелерімен өткен кездесу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі саналады. Бұл жиын ішкі істер органдары мен жеке сектор өкілдері арасындағы өзара сенім мен […]
Пікір қалдыру