Түркістан облысында биыл 3 мыңнан аса жұмыс орны ашылды

Сурет: kaznews.kz

Биыл Түркістан облысында 3315 жаңа жұмыс орындары ашылған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай, өткен баспасөз-конференциясында облыс әкімі Өмрізақ Шөкеев айтты.

«Биыл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 3315 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 24478 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты»— дейді Өмірзақ Естайұлы.

Арада небәрі бір жыл өтсе де өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, облыс орталығы болған Түркістан қаласы жаңа кейіпке еніп келеді екен.
Мәселен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның ең маңыздысы — «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары».
Сонымен қатар, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40%-ға артып, 2019 жылы 103464 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген, оның 65946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер тапсырылды. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға тапсырылады.
Сондай-ақ, медицина саласында облыстық бюджет есебінен 2018 жылы шалғай елді мекендерге 62 модульдік медициналық пункт сатып алынды, 2019 жылы 19 модульдік медициналық пункт орнату жоспарланды.
Облыста 2 қалалық, 4 аудандық емхананың құрылысы және Түркістан қаласында №3 облыстық перинаталдық орталығына жапсарлас 150 төсек-орындық перзентханасы және 900 орындық 1 білім ұясының құрылысы жүруде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*