Мемлекет басшысы былтыр Жолдауда ішкі су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды екенін атап өтті. Бұл орайда суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту міндеттелді. Су тапшылығы айқын сезілетін Түркістан облысында үнемдеу технологиясын өндіріске енгізуге басымдық беріліп келеді.
Отырарлық шаруа Мұрат Нұрғали тамшылатып суғару технологиясымен 300 гектар жерге жүгері дақылын еккен. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен бірге Ақтөбе ауыл округіне барып, аталған «Мұрат» шаруа қожалығының жүгері алқабында болды. Су үнемдеу арқылы өнімділікті арттыруды мақсат еткен кәсіпкер «Valley» компаниясымен келісім жасап, қажетті жабдықтарын сатып алған. Сондай-ақ, су жинайтын бассейн салып, тамшылатып суғару әдісі арқылы жүгеріден мол өнім алып отыр. Жылдық қуаттылығы 2400 тоннаны құрайтын шаруақожалықта бүгінде 10 адам жұмыс істейді.
«Ауданда су үнемдеу технологиясын пайдаланып көруге ниет білдірген шаруалардың қатары артып келеді. Бүгін біз бұл жобаның тиімділігіне тағы да көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керек деп ойлаймын. Біздің мақсат — суды үнемдеу арқылы су тапшылығының алдын алу және өнімділікті арттыру»,-деді аудан басшысы.
Айта кетсек, биыл Отырар ауданында 35 мың гектар жерге егін егілген. Соның ішінде 826 гектары — тамшылатып суғару әдісімен, 354 гектары — жаңбырлатып суғару әдісімен, жалпы 1 180 гектар жерге су үнемдеу технологиясы пайдаланылған.
Ауданда су тапшылығы болғандықтан, тамшылатып суғару технологиясы – таптырмайтын мүмкіндік. Жаңа бастама суды үнемдей отырып, егін көлемін арттырады. Семинар негізінде аудан диқандары тамшылатып суғару әдісінің тиімділігіне көз жеткізді. «Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен тарала бастаған тәсілдің тиімді тұстары көп. Тамшылатып суғару әдісінің арқасында арықпен суғарылған жерлерге қарағанда астық молырақ жиналады. Артық шығынды қажет етпейді.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдерінің даму тұжырымдамаларын тыңдауды бастады. 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері және резервтер туралы бүгін Отырар […]
В этом году, в Туркестанской области несмотря на карантинные меры, сохраняется устойчивый рост в агропромышленном комплексе, весенние и осенние полевые работы проведены в срок. К примеру, посевная площадь сельскохозяйственных культур увеличилась на 17 тыс. га […]
Биылғы жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Састөбе кентіндегі 14 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, 1 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінгі таңда аталмыш көшелердің 10 толығымен аяқталып отыр. Қалған 5 […]
Пікір қалдыру