Қауіпсіз әрі таза қала — қашанда болмасын қонақтарды баурап алады. Барлық адам жан дүниесінің тыныштығы мен эстетикалық күйді қалайтыны белгілі. Мұндай жағымды әсерді тазалық пен қауіпсіздік беретіні айдан анық. Туристердің де іздегені осы. Қауіпсіз әрі таза қала – Түркістан.
Қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Соңғы жылдары шаһардың ауқымы кеңейіп, күн санап қарыштап дамуда. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында.
Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Содан болар, көктем, күз мезгілдерінде қала тұрғындары сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырған. Олар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуда.
«Таза Қазақстан» жобасы аясында жалпықалалық сенбілікке мыңнан астам тұрғын қатысты.
Әр сенбі дәстүрге айналған шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер қауымы, маслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер, әртүрлі ұйым белсенділері, коммуналдық сала қызметкерлері, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері және белсенді жастар қатысты.
Бекітілген кестеге сай барлық қатысушылар жұмыс орындарының айналасын, шағынаударындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңшасы аумағын және ирригациялық арық жүйелерін қоқыстан тазартып, көшеттер отырғызды. Қаланың сырт аймақтарын да ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлік нысандарының заңсыз жарнамалары алынып, ағаш түптері әктелді.
Қалада тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында 875 көшеге 2 мердігер мекеме — «Түркістан-Жарық тазалық» ЖШС, «Жасыл қала – Grenn city» ЖШС қызмет көрсетеді.
Акция барысында апта сайын қаланың 2 мыңға жуық тұрғыны үйлері мен аулаларының алдында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың қатысуымен 65-тен аса сенбілік өткізілді.
Тазалық жұмыстарымен қатар, ағаш отырғызу жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Биыл көктем айларында «Жасыл Түркістан» КММ, «SK geokart» ЖШС және коммуналдық мекемелердің күшімен 106 943 түп ағаш көшеттері отырғызылып, жылдың күз мезгілінде 41 398 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Ал бүгін «Таза Қазақстан» сенбілік акциясы аясында қаланың 6 аумағында 5000 түп ағаш — алма, алмұрт, жиде, ива, акация, айлант, қараағаш көшеттері отырғызылды.
Жалпы қаламызда 620 көгалды аймақ, 32 саябақ, аллея бар.
Қала тұрғындарынан өз аулаларыңызды таза ұстап, қалаға жанашырлықпен қарауларыңызды сұраймыз.
Облыс орталығында «Жазғы самал әуендері» іс-шарасы басталды. Концерттік бағдарлама Отырар тұрғын алабындағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда осы бағыттағы мәдени шаралар алдағы уақытта әр секторда кешкі уақытта жалғасады деп […]
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жақында қала аумағында жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарының сапасын бақылап, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Қала басшысы ең алдымен Жібек жолы тұрғын үй кешені мен […]
Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Түркістан қалалық әкімдігінің мамандары «Алтын бұлақ», «Қуаныш» базарлары мен «Шапағат», «Бәйтерек» сауда орындарында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев бастаған жұмысшы топ […]
Пікір қалдыру