Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті. Тәртіп пен тазалықтың үлгісі болған шараға облыс орталығындағы мәдениет және өнер мекемелері де атсалысты.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өздеріне бекітілген аумақта 100-ге жуық мәдениет қызметкерлері тиісті жұмыстар атқарып, жоспар бойынша көше бойларын қоқыстан тазартты. Осылайша киелі қаланың тазалығына үлес қосты. Бұдан бөлек облысқа қарасты барлық мәдени ошақтың ұжымы да аталған бағдарламаға атсалысып жатыр. Арнайы кестеге сәйкес аудан, қаладағы мекемелер де айналаны қоқыстан тазартып, қолдау білдіруде.
Сенбілік мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, әрбір азамат облысымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Тазалық –денсаулық кепілі. Айналамыздың тазалығы халықтың денсаулығы үшін өте маңызды. Елді-мекендерде тазалық сақтау, ауланы абаттандыру сол жердің билігі мен тұрғындарының міндеті. Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен өлшенбейді. Қаланың таза , әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді.
Түркістандық БЖМОФМ футболдан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Алматы облысы Қонаев қаласында өткен бәйгеде 14 жастағы жасөспірімдер жарысқан болатын. Топтық кезеңде жерлестеріміз Қостанай, Талдықорған, Шымкент және Петропавл командаларын айқын басымдықпен […]
Бұл Түркістан өңіріндегі 17-ші «Белсенді ұзақ өмір» орталығы. Екі жыл бұрын облыс орталығында дәл осындай алғашқы нысан пайдалануға берілген болатын. Орталықтың қызметіне зейнеткерлердің арасында сұраныс жоғары болуына байланысты биыл сәуір айында қаладағы «Бекзат» тұрғын алқабынан […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң […]
Пікір қалдыру