Қаламызға арнайы іс-сапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Салихұлы мен Темір Базарбайұлына базардағы кітапхананы таныстырдық.
Халық қалаулылары «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберіндегі пунктінің жұмыстарымен танысып, оң бағасын беріп, елімізде алғаш қолға алынған жобаның өзге өңірлерге де үлгі боларын атап өтті.
«Қуаныш» сауда орталығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаеваның айтуынша кітапхана қызметі тұтынушылар мен жеке кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие екен. Қазірге дейін 10-мыңға жуық адам кітапхана қызметтерін пайдаланған.
Кітапхана пунктінде көркем әдебиет пен кәсіпті нығайтуға бағытталған және әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар. Балаларға арналған туындыларды да табуға болады. Оқырман сұранысына сай кітап сөрелері мен мерзімді басылымдар тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Айта кетейік, жыл басында «Базардағы кітапхана» жобасы аясында Түркістандағы «Қуаныш» сауда орталығында кітапхана пункті ашылған болатын. Мұнда 1700-ден астам кәсіпкер жұмыс істейді. Бүгінде кітапхана қызметтерін пайдаланушылар қатары артуда. Мұндай жоба кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып, креативті идеялардың тууына мүмкіндік бермек. Кітапхана қызметі білімге қолжетімділікті, мәдени құндылықтармен алмасуды, оқырман арттыруды көздейді. Оқуға жайлы орта жасап, оқырманмен тығыз байланыс орнатып, келушілердің уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.
Дәл осы кітіпхана ашылғанда Облыс әкімі менорынбасары арнайы барған болатын.-«Халық көп шоғырланған орында білім беру және мәдени платформа құру мақсатында «Базардағы кітапхана» идеясы туындап, бүгін іске асырыла бастады. Бұл жобаны облыс әкімі Дархан Сатыбалды қолдап, қоғам мәдениетін дамыту бағытында жүйелі шаралар ұйымдастыруды тапсырып отыр. Өздеріңізге белгілі, өңірде тұрғындардың басым көпшілігі сауда нүктелері арқылы кәсібін дөңгелетіп жүр. Қарапайым халықтың да жиі келетін орны – базар. Сондықтан да осындағы кәсіпкерлердің кітап оқып, іскерлік тұрғыдан ізденуіне қолдау білдіріп, мәдени ортаны кеңейту мақсатында тың жобаны бастадық. Қоғамды кітап оқуға қызықтыратын жаңа жобалардың жандануы оқырманның көбеюіне тікелей әсер етеді», деді облыс әкімінің орынбасары.
Базардағы кітапханада түрлі бағыттағы көркем әдебиеттер мен кәсіпті нығайтуға бағытталған және жігер беретін әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар. Бұл туындылар кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып қана қоймай, жаңа әрі креативті идеялардың тууына мүмкіндік бермек. Халықтың сұранысына сай кітап сөрелері тұрақты түрде жаңартылып отырады. Арнайы қатарлар немесе шкафтар орнатылып, сол жерде азаматтар оқыған кітаптарын сыйға қалдырады немесе басқа кітаптармен алмастырып оқи алады. Сонымен бірге азаматтарға мерзімді басылымдар мен көркем әдебиеттер, балаларға арналған кітаптар ұсынылады.
Айта кетейік, Түркістан облысы көлемінде жалпы 39 базарда 7 мыңнан астам кәсіпкер тұрғындарды тауарлармен қамтамасыз етуде. Ал аймақ бойынша 396 кітапхана, сондай-ақ «Ашық кітапхана» жобасымен әкімшілік ғимараттарда 15, басқа нысандарда 8 кітапхана пункті жұмыс істеп тұр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Түркістан өңірінде осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданына іссапары аясында Ақбұлақ ауылында орналасқан «KAZ KIOTI» […]
Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. 2024 жылдың сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен сәулеттік жобалар талқыланған жиын өтті. Онда Түркістан қаласы мен облыс аумағындағы елді мекендерде қолға алынатын сәулеттік жобалар сараланды. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынатын имандылық асхана сарайы мен […]
Пікір қалдыру