Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен Түркістан қалалық әкімдігінің мамандары «Алтын бұлақ», «Қуаныш» базарлары мен «Шапағат», «Бәйтерек» сауда орындарында болып, әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев бастаған жұмысшы топ кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатпауға шақырды.
«Бүгінгі шара барысында көтерме сауда орындарынан тауар алып, қымбаттау бағада саудалап отырған сатушыларды анықтадық. Қазіргі таңда оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндағы мақсат — әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жататын тауардың бағасын тұрақтандыру. Кәсіпкерлер түсіністікпен қарап, мәселе оң шешімін тауып келеді. Нәтижесінде базардағы азық-түліктің бағасы тұрақтанып отыр», – деді Т.Мұсаев.
Одан бөлек, қала әкімінің орынбасары келесі жылдан бастап әлеуметтік азық-түлік түрлеріне жататын тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы заң күшіне енетінін ескертті. Заңға сәйкес, кәсіпкерлерге тауардың бағасын көтерме саудадан 15-20 пайыздан артық көтермеу туралы талап қойылады. Ал, талапты орындамай азық-түлік бағасын негізсіз көтерген сатушылар жауапқа тартылатын болады.
Бұдан өзге, кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Байғұт пен Тұрақтандыру қорының мамандары қаладағы бірқатар сауда орындары мен әлеуметтік дүкендерді аралап, азық-түлік бағасының тұрақтылығына көз жеткізді. Мамандар тұрақтандыру қорының арқасында азық-түлік бағасының көтеріліп кетуіне тосқауыл болып отырғанын айтты. Қала тұрғындары да әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізіміне енген тауарлар қалтаға қонымды бағада саудаланып жатқанын растап отыр. Қымбатшылыққа қарсы тұратын мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек.
Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады. –Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды […]
Халықаралық балаларды қорғау күні – бала құқығын қорғау, олардың өмірін жақсарту мен болашағына қолдау көрсету мақсатында бүкіл әлемде кең көлемде атап өтілетін маңызды күн. Осы мереке аясында Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Заманауи кітапхана […]
Түркістан – тек тарихи қаласы ғана емес, сонымен бірге өнердің де алтын ордасы. Ұлттық рухты жаңғыртып, өткеннің үнін бүгінге жеткізетін мәдени орталық ретінде қалада дәстүрлі музыкаға, оның ішінде күй өнеріне деген қызығушылық күн санап артып […]
Пікір қалдыру