Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
–Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды дамып келеді. Өңірдегі 399 кітапхананың қазаны күнде қайнап жатады. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы екінші жыл қатарынан еліміз бойынша үздік атанып отыр. Жалпы кітапханашылар еңбегі еленіп, облыстық, республикалық сайыстарда топ жаруда. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Кітапхананың әрбір қызметкері өз ісін сүйетін, кітапқұмар жандар. Оқырманның әрбір сұранысына жауап беріп, көңілінен шығып отыру да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздерге кәсіби даму, шығармашылық табыс тілеймін – деді басқарма басшысының орынбасары.
Шара барысында еңбегі еленген бір топ сала мамандары марапатталды. Өңір кітапханашылары облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының, облыстық мәдениет басқармасы басшысының, ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директорларының, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің және «Қоғамдық келісім» мекемесінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар кешті түйіндеген «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова көпшілікке алғыс білдіріп, аудан, қалалардағы әріптестеріне марапаттарын табыстады. Атап айтқанда Сауран аудандық «ОКЖ» қызметкерлері Жүйнек ауылдық кітапханашысы Раматуллаева Гүлсім, Ескі Сауран ауылдық кітапханашысы Тұрғанбекова Арайлым, Абай ауылдық кітапханашысы Оразмет Ағайша арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Түркия елінде, Ыстанбұл қаласында Қазақстан мәдениет және сауда орталығында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және Түркістан облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов қонақта болды. Мәдениет орталығында биыл Түркия Республикасының 101 жылдығы және Қазақстан […]
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының ХІІІ туры өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы мұнайлы өлкенің «Атырау» клубын қабылдады. Сарапшылар бұл матчта атыраулықтар басым түседі деп болжаған. Бірақ түркістандықтар барлық мәселе жасыл алаңда шешілетінін дәлелдеді. Ойынның 14-минутында Цуцкич есеп […]
Фото авторы: Данияр Тұрсынбай Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі басталды. Аталған фестиваль Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке […]
Пікір қалдыру