Қазақстанда азаматтардың негізгі қызметтерге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдай мен көлік байланысын жақсарту мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» Ұлттық жобасы құрылған болатын. Бұл жоба 2021 жылы іске қосылды. Ол тұрғын үй-коммуналдық және инфрақұрылымды дамытуға арналған бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды біріктіргенін айта кеткен жөн. Бұл оларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Өйткені олар ұлттық жоба аясында бюджеттік қаржыландыруда басымдыққа ие.
Түркістан қаласының Әкімшілік-іскерлік орталықтың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында жол құрылысы жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр. Атап айтқанда, 30, 32, 36 көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысының сапасы облыс әкімі мен салаға жауапты басшылардың тұрақты қадағалауында тұр.
Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов салаға жауапты басшылармен бірге Түркістан қаласында құрылысы жүріп жатқан жол нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Мердігерлермен кездесіп, жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімі бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
XX ғасырды белгілеген жаһандану феномені фирмалар бәсекесіне ғана емес, қалалар бәсекесіне де өзгерістерге әкелді. Бәсекелестік сатысында тұрған қалалар бәсекелестерінен ерекшеленуге тырысады.
Өңірлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды шаралардың қажеттілігі бірнеше факторлармен айқындалды.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты қамтып, 228 830 тұрғыны бар. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 […]
Шымкенттің орталығы мен 81 шағын ауданның 18-і ғана кәріз жүйесімен қамтылған. Қала халқының тек қана жартысы орталықтандырылған кәріз жүйесін пайдаланып отыр. Өткен жылы 34 мыңнан астам халқы бар 4 шағын ауданға кәріз жүйесі қосылды. […]
Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар жерді алып жатыр. Аудандағы халық саны 213 мыңнан астам, сондай-ақ мұнда 18 елді мекен орналасқан. Қаратау ауданындағы көшелер саны – 595. Қаратау ауданының елдімекендерінде халық тығыз орналасқандықтан […]
Пікір қалдыру