Бұл жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков өзінің әлжелідегі парақшасында жазды.
«Басрақмаға қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы бойынша елімізде үздік үштікке енді. Үздік атанған мекемені ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы марараттап,алғысын білдірді.
Сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкенттегі ЖИТС орталықтарының қызметін бағалаудың жоғары рейтингтік көрсеткіштері бойынша – Қазақстан Республикасындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 20 орталықтың арасында 3-орынды иемденді.
«,- дейді ол өз жазбасында.
Қазіргі уақытта АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды тегін антиретровирустық терапиямен (АРТ) қамтуды арттыру мүмкін болды, аталған орталықтың аккредиттелген зертханасында инфекциядан кейін АИТВ-инфекциясын диагностикалау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін 4-буынды жоғары сезімтал тест-жүйелерін пайдалана отырып, жалпы халықты және халықтың негізгі топтарын АИТВ-ға тестілеу, халық арасында мемлекеттік және халықаралық стандарттар ұсынымдарына сәйкес жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. ЖИТС орталығы жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсауды, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілікті азайту бойынша жұмысты жалғасып жатыр екен.
Қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу […]
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалды реформасы – елді дамытуда және оны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында республикада қоғамдық кеңестер құрылды. Қоғамдық кеңестің негізгі міндеттері — ұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық […]
Шымкент қаласында бүгін тағы да 8 адамнан короновирус анықталды. Арасында 4 жасар бүлдіршін де бар. Қауіпті дерт, яғни вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Барлығы да өздерінен […]
Пікір қалдыру